«ҚазМұнайГаз» 2024 жылдың 9 айында 18 млн тонна мұнай өндіріп, оның 65%-на жуығын экспорттаған

Жарияланды
мұнай өндіру көлемі
ҚМГ-да 2024 жылдың 9 айында мұнай өндіру көлемі 18 млн тоннаға жеткен / Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2024 жылдың тоғыз айында 63 197 мың тонна мұнай тасымалдаған. Ал мұнай өндіру көлемі  18 млн тоннаға жеткен. Бұл жайлы компанияның өндірістік есебінде жарияланған.

2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2024 жылдың сәйкес кезеңінде мұнай өндіру көлемі 3,1%-ға артқан. Компания хабарлауынша, осы жылдың 9 айында тәулігіне 497 мың баррель мұнай өнідіріліп отырған.

Өткен жылы 17,5 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген болса, 2024 жылы бұл көлем 18 млн тоннаға жеткен. Ал газ өндіру көлемі 2,8%-ға артып, көрсеткіштер 7 млн текше метрден 7,2 млн текше метрге дейін жеткен.

«Мұнай тасымалдау көлемі 6,4%-ға ұлғайып, 63 197 мың тоннаға жетті. Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14 901 мың тоннамен салыстырғанда 14 122 мың тоннаны құрады»,- делінген компанияның есебінде.

Ал мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау 2,8%-ға ұлғайып, 52 788 мың тоннаға жеткен. Бұл орайда «ҚазТрансОйл» АҚ арқылы 33 653 мың тонна, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС арқылы 13 833 мың тонна, «МұнайТас» СБҚК»2 ЖШС арқылы 4 235 мың тонна, Каспий Құбыр консорциумы арқылы 48 479 мың тонна мұнай тасымалданған.

Ал мұнай өндіру көлемі компаниялар бөлінісінде келесідей:

  • «Өзенмұнайгаз» АҚ – 3 809 мың тонна;
  • «Ембімұнайгаз» АҚ – 2077 мың тонна;
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 2 302 мың тонна;
  • «Теңізшевройл» ЖШС – 4,296 мың тонна;
  • North Caspian Operating Company N.V. – 2 306 мың тонна;
  • Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. – 798 мың тонна.

Мұнай өндіру көлеміне не әсер етті?

ҚМГ-ның операциялық активтерінде өндіру көрсеткіштерінің көтерілуіне өткен жылғы Маңғыстау атом энергия комбинатының электр энергиясынан ажырап қалуы әсер еткен. Бұл өткен жылғы көлемнің төмендеуіне әсер еткен фактор.

Басқа операциялық активтерде өндіру көлемі 15,4%-ға артып, 2 460 мың тоннаға жеткен. Ал газ өндіру көлемі 22,3%-ға, яғни 740 млн м³ дейін өскен.

«Өсімге негізінен Доңға кен орнын сатып алуы және өткен жылдың соңында Рожков кен орнын (ЖШС «Орал Ойл энд Газ») игеруге берілуі, сондай-ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі оң әсер етті. Бұл ретте Құмкөл тобының ескі кен орындарында қордың табиғи сарқылуына байланысты мұнай өндіру деңгейі төмендеп келеді»,- делінген есепте.

Жалпы ұлттық компанияняң өзі өндірген мұнай мен газ конденсатының көлемі 3,6%-ға өсіп, 18 337 мың тоннаны құраған. Бұл көлемнің 64,9%-ы экспортқа жөнелтілген.

Ішкі нарықты қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін ҚМГ 6,4 млн тонна мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізген. Бұл көлем «Атырау мұнай өңдеу зауытына» ЖШС-не, «Павлодар мұнай-химия зауытына» ЖШС-не, «ПетроҚазақстан Ойл Продактсқа» ЖШС-не және басқа кәсіпорындарға жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз