Жаңалықтар

ОПЕК+ елдері жыл соңына дейін мұнай өндіру көлемін арттырмайды

мұнай өндіру
ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін жыл соңына дейін арттырмауға келісті /
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов.

ОПЕК+ке кіретін 8 мемлекет мұнай өндіру көлемін қысқарту мерзімін тағы бір айға ұзартты. Бұл жайлы ОПЕК-тің ресми сайтында жарияланған.

Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман тәулігіне мұнай көлемін 2,2 миллион баррельге дейін төмендету жөніндегі міндеттемесін тағы бір айға дейін ұзартты. Солайша аталған елдер мұнай көлемін желтоқсан айының аяғына дейін мұнай көлемін арттырмайды.

«ОПЕК хатшылығы 2023 жылдың сәуір және қараша айларында қосымша ерікті түзетулер жариялаған ОПЕК+ сегіз елі – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман мұнай өндіруді тәулігіне 2,2 млн баррель көлемінде қысқарту мерзімін 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартуға келіскенін хабарлайды»,- делінген реми хабарламада.

Аталған елдер 2024 жылғы 3 сәуірде өткен 53-ші отырысында JMMC мониторингіне келісілген қосымша ерікті өндірістік түзетулерді қоса алғанда, Ынтымақтастық туралы Декларацияға сәйкес ұжымдық міндеттемесін растаған. Оған сәйкес осы аралықта мұнайды артық өндірген елдер алдағы айда өндірілетін мұнай көлемін қысқарту арқылы келісілген көлем мөлшерінде мінджеттемелерін орындауы тиіс. Бұл міндеттемелерін 8 мемлекет 2025 жылдың қыркүйеәге дейін өтеуі тиіс.

Бұл орайда Қазақстарн, Ирактың және Ресей елдері 2024 жылдың қаңтарынан бастап артық өндіріс көлеміне қосымша ерікті түзету енгізу туралы өз міндеттемелерін растаған.

Айта кетейік, қыркүйекте ОПЕК+-ке іретін 8 ел мұнай өндіру көлемін қысқарту мерзімін 2024 жылдың қараша айының соңына дейін 2 айға ұзартуға келіскен болатын. Ол кезде мұнайды артық өндірген Қазақстан мен Ирак 2025 жылдың қыркүйегіне дейін артық өндірілген көлемді толығымен өтеуге міндеттенген.