Камала Харрис пен Дональд Трамп президенттік сайлауға қалай келді

Жарияланды 4 Қараша 2024 08:59

(жаңартылды 4 Қараша 2024 08:59)
Светлана Ғалымжанқызы

Светлана Ғалымжанқызы

Камала Харрис пен Дональд Трамп
Камала Харрис пен Дональд Трамп билікке қалай келді / Фото: BBC

АҚШ-тағы президент сайлауы – бүкіл дүние назарында. Мұхиттың ар жағындағы саяси тартыс біздің азаматтарды да бей-жай қалдырмағаны анық. Бұған негіз де жоқ емес. Еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар – америкалық кәсіпорындар. Сондықтан ондағы саяси ахуал әлемге әсер етпей қоймас. 

Сайлауалды науқаны аясында БАҚ беттерінде екі үміткердің трибуналардан сөйлеп жатқан, сайлаушылармен бірге түскен суреттері жиі жарияланып жүр. BBC фотоқызметі олардың көпшілік көре қоймаған, әсіресе жас кезіндегі фотоларын жариялады

Демократтар партиясы атынан үміткер Камала Харристің балалық шағы Калифорния штатындағы Оклендте өткен. Ал Республика партиясының өкілі әрі АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі Куинс ауданында өскен.  

Камала Харрис пен Дональд Трамп
Фото: BBC

Харристің анасы Шьямала Гопалан Харрис – биолог. Онцң прогестерон рецепторын зерттеу жұмысы сүт безі обырын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Әкесі Дональд Харрис – экономика ғылымдарының докторы. Калифорниядағы Стенфорд университеті тарихындағы алғашқы қара нәсілді экономика профессоры. Камала 6 жасқа толғанда әкесі мен анасы екі жаққа кетіп, Камала әпкесі Майя, анасы үшеуі Калифорнияда тұрақтайды. Дональд Трамп – АҚШ-қа қоныс аударған неміс отбасының ұрпағы. Ал анасы Мэри Энн Маклеод Шотландияда туған. 13 жасында Нью-Йорк Әскери академиясына оқуға түскен. 

Камала оқушы кезінде бес жыл Канадада тұрған. Анасы Макгил университетіне жұмысқа кірген соң Монреалға көшіп кеткен. Мектепті тамамдаған соң қара нәсілділердің тарихи колледжі саналатын Уашиңтон штатындағы Хауард Университетіне оқуға түседі. Ал Трамп Әскери академияда бес жыл оқып, әскери шеберлігін шыңдап қана қоймай көшбасшылық қабілетін арттырады. Дегенмен сол кезде болып жатқан Вьетнам соғысына қатыспайды. Бұрынғы президенттің айтуынша, оның академиялық себебі болған. Дональд Трамп – Пенсильвания университетінің Уартон мектебінің түлегі. Оқуын бітірген бойда әкесі негізін қалаған отбасылық бизнестің тізгінін қолына алды. 

Харрис бала кезден анасынан азаматтық құқықтың маңызы туралы естіп өседі. Сондықтан 2004 жылы жыл сайын Уашиңтонда өтетін кіші Мартин Лютер-Кинг атындағы еркіндік маршына қатысады. Ал дәл сол кезде Дональд Трамп «Үміткер» телешоуының жүргізуішісі болып жатқан еді. Содан бастап ол аталған бағдарламаның 14 маусымын (2015) жылға дейін жүргізіп, атқарушы продюсері қызметін қоса атқарады. 

Камала Харрис пен Дональд Трамп
Фото: BBC

Харрис Калифорнияға оралып, штаттың қылмыстық сотына жұмысқа тұрады. Аз ғана уақыт ішінде жақсы нәтиже көрсетіп, бас прокурор лауазымына тағайындалады. Осы жетістігін ол 2016 жылы АҚШ Сенатына сайлануға қолданады. Камала Харрис Сенатқа мүше болғанда, Дональд Трамп Хилари Клинтонды жеңіп, Ақ үйге алғаш кіреді. Үш жылдан кейін Харрис сайлауалды науқанға кіріседі, көпшілік бұл науқаны енжар өтті деседі. Бірақ демократтар арасында жеңіске жеткен Джо Байден оны өз тобына шақырып, екеуі әдемі тандем құрады. Көпшіліктің көңілінен шыққаны сонша бұл тандем Дональд Трамп пен Майк Пенс «дуэтін» басып озады. 

Трамптың президенттіктен кетуі мен Байде-Харрис тобының президенттікке келуі коронавирус пандемиясына тап болады. Бұл кезде Миннеаполис штатында Джордж Флойд полиция қолынан қаза тауып, АҚШ-та қара нәсілді азаматтар бас көтеріп, жаппай шиеленіс басталған еді. 

Камала Харрис пен Дональд Трамп
Фото: BBC

БАҚ Харрис алғашында вице-президент қызметін алып жүре алмады деп жазады. Дегенмен 2022 жылы АҚШ Жоғарғы соты абортқа қарсы заң қабылдағанда Харрис белсенді жұмысқа кірісті. Таңдау құқығы үшін күресіп жүргені президент Байденге де ұнап, көмекшісін ашық қолдады. Ал Жоғарғы соттың консерватив шешім қабылдауына Дональд Трамптың өзі үлес қосты. Өйткені абортқа қатысты мәселенің шешілуіне Трамп өзі көтерген-ді. Жалпы бұл Трамптың алғашқы консерватив ұсынысы емес. Президент кезінде АҚШ-ты климат мәселесі бойынша Париж келісімінен шығарып, иммиграцияға тұсау қоюға кіріскен болатын. 

Трамптың президент ретіндегі алғашқы шетелдік сапарына тоқталсақ, 2017 жылы Сауд Арабиясынан басталған еді. Ол изоляция саясатын ұстанатынын ашық айтып, өз әскерін шетелдік шиеленіске араластырмайтынын хабарлады. Ал Харрис вице-президент ретінде 2021 жылы алғашқы шетелдік іссапарға шықты. Алғашқы бағыт – Гватемала. Онда АҚШ пен Мексика шекарасындағы латын америкалық мигранттар санын қысқарту мәселесін талқылап қайтты. Одан бөлек Украина мен Газадағы мәселелер мен, АҚШ әскерінің Ауғанстан жерінен асығыс қайтарылғаны сөз болды. 

Камала Харрис пен Дональд Трамп
Фото: BBC

Камала Харристің жолдасы – Даг Эмхофф. Ол әйелінің атынан түрлі науқан ұйымдастырады. Камала Дагтың алғашқы некесінде туған Коул мен Элланы бауырына басқан. Балалар Камаланы «Момала» деп атайды екен. Ал Дональд Трамптың жары – Мелани Трамп. Трамп отбасы президент атынан ұйымдастырылатын науқандарға белсене араласқанымен, Мелани жиі қалыс қалатын. 

Камала Харрис биылғы президенттікке үміткерлер бәсекесіне айтарлықтай кеш қатысты. Өйткені бұған дейін Джо Байден ұсынылып, кейін үміткерліктен алынып тастаған еді. ОЛ АҚШ тарихындағы ірі партияның президент тізіміне енген алғашқы  қара әрі АҚШ-та туған азиялық әйел болып отыр. Жақында Иллинойста (Шикаго) өткен Демкоратия партиясының Ұлттық съезінде сөз сөйледі. Ал Дональд Трамп Милуокиде (Уисконсин) өткен Республика партиясының Ұлттық съезіне қатысты. 

Сондай-ақ оқыңыз