Жаңалықтар

Төтенше жағдай саласында қызмет ететін шенеуніктер бизнесмендерді пара беруге мәжбүрлегені үшін сотталды

Төтенше жағдай министрлігіне қарасы комитет төрағасы мен департамент басшылары сотталды/ фото: kursiv.media

Кәсіпкерлерге қамқор болғаны үшін пара алған шенеуніктер сотталды. Төтенше жағдай саласында қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар 40 млн теңгеге жуық пара алған.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев бес жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлық қарсы қызмет.

 Ізбасаров өз өкілеттігін асыр пайдаланған. Соның себебінен департамент бастығы 1,7 млн теңге ақшаны қалтасына басқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола Гарнизоны әскери соты үкім шығарғанын мәлімдеді. Төтеншеліктердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды.

21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты комитет төрағасы мен департамент бастықтарын күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Олар бизнесмендерді ақы төлеуге мәжбүрлеп, өртке қарсы қауіпсіздік шарасы бойынша келісімшарт жасатуға ықпал еткен.