Банк пен қаржы

Банк ЦентрКредиттің еншілес ұйымы – BСC Invest брокері 9 айда таза пайдасын екі еседей арттырған

Коллаж: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

Банк ЦентрКредиттің еншілес ұйымы – BСC Invest брокерлік компаниясы 2024 жылдың 9 айында 6,3 млрд теңге таза пайда алған. БЦК инвестициялық компанияның 100 пайыз акциясына иелік етеді. Брокер инвестициялық басқарушы компаниялар арасында актив көлемімен екінші орында тұр.

Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған 9 айлық есепке сүйенсек, брокер жыло басынан бері таза пайдасын 3,7 млрд теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін 1,7 есе өсірген.

Компания таза пайдасының өсуіне таза пайыздық емес кіріс пен негізгі қызметтен түскен кірістің артуы ықпал еткен. 9 айда брокердің таза пайыздық емес кірісі 5,7 млрд теңгеге жеткен. Ал негізгі қызметтен 8,3 млрд теңге кіріс алған. Жыл басынан бері 43 пайыз өскен.

Брокердің активтері 82,3 млрд теңгені құрайды. Ал міндеттемелері 39 млрд теңгеге жеткен. Жеке капиталы – 43,2 млрд теңгеге тең. 9 айда компания активтері де, міндеттемемелері мен жеке капиталы да біршама өскен.

«BCC Invest» АҚ бір акцияға 3,18 теңгеден 1,8 млрд-тан астам акция шығара отырып, 5,9 млрд теңгеге қосымша капитал тартатыны хабарланды. Оларды компанияның жалғыз акционері «Банк ЦентрКредит» АҚ сатып алады.