Франция Қазақстанға жалпы құны 39 млрд долларға жуық инвестиция салған

Жарияланды
Франция Қазақстанға жалпы құны 39 млрд долларға жуық инвестиция салған / фото: архив: kursiv.media

Францияның экономикасы әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі болып саналады және ол Еуропалық Одақ пен жаһандық экономикаға маңызды ықпал етеді. Францияның экономикасы ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) көлемі бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарына кіреді және Еуропалық Одақ ішінде Германиядан кейінгі екінші ірі экономика болып табылады  Францияның экономикалық моделі әртүрлі секторларды қамтиды, оның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары, сонымен қатар ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөлінеді. Париж қаласы Еуропадағы маңызды қаржы және сауда орталықтарының бірі ретінде әлемдік экономикада айтарлықтай рөл атқарады.

Қазақстан мен Франция арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастық екі ел үшін де маңызды орын алады. Қазақстан Францияға мұнай, уран, металдар және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды, ал Франция Қазақстанға өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы техникасы, химия өнімдері және тұтыну тауарларын импорттайды.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымында Франция Еуро Одақтағы екінші ел

Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі болып саналады, және екі елдің ынтымақтастығы мұнай-газ, атом энергетикасы, көлік және логистика, экология және жаңартылатын энергия көздері салаларында дамып келеді. Француз компаниялары Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларға белсенді қатысып, елдің индустрияландыру және әртараптандыру бағдарламаларына қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, білім және мәдениет салаларында да ынтымақтастық орнаған.

Франция  елі Қазақстанның 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалпы сауда айналымының  5,5% немесе 3,9 млрд АҚШ доллары.

Франция   елімізге ең көп инвестиция салған елдердің бірі

Франция Қазақстанға ең көп инвестиция салатын елдердің бірі. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше 2005-2024 жылдар аралығында жалпы құны 38,6 млрд АҚШ доллар болатын инвестиция  тартылған. Француз инвестициялары әсіресе энергетика, өнеркәсіп, көлік, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы сияқты салаларға бағытталған. Қазақстандағы француз компаниялары елдің индустрияландыру бағдарламасына, сондай-ақ энергияның баламалы көздерін дамытуға белсенді қатысуда.

Француз инвестициясының негізгі бағыттары

Энергетика саласы: Францияның ірі энергетикалық компаниялары, атап айтқанда, Total және Orano, Қазақстанда мұнай және газ өндіру, сондай-ақ уран өндірісі бойынша жобаларда белсенді жұмыс істейді. Orano (бұрынғы Areva) Қазақстанда уран өндіру бойынша серіктестік орнатып, елдегі атом энергетикасын дамытуға атсалысады.

Ауыл шаруашылығы: Франция ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласында да инвестиция құюда. Француз технологиялары Қазақстандағы агроөнеркәсіптің дамуына, оның ішінде өңдеуші секторға, мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндіруге көмектесуде.

Көлік және логистика: Француз компаниялары Қазақстандағы көлік инфрақұрылымын жақсартуға да үлес қосып келеді. Мысалы, Alstom компаниясы Қазақстанның теміржол саласына инвестиция жасап, локомотивтер мен теміржол жабдықтарын өндіруде.

Франция мен Қазақстан арасында 2008 жылы Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғаннан бері экономикалық қарым-қатынастар күшейе түсуде. Қазақстан үшін Франциядан келетін инвестициялар елдің экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға қол жеткізу үшін маңызды фактор болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыз