АҚШ-та электростанцияға шабуыл жасауға тырысты деген күдікпен нео-нацист ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
АҚШ-та сайлау алдында нео-нацист ұсталды
АҚШ-та сайлау алдында нео-нацист ұсталды / Фото: shutterstock

4 қарашада АҚШ-та Нэшвилл маңындағы энергетикалық нысанды жою үшін нео-нацистік шабуыл жасауға тырысты деген күдікпен 24 жастағы Теннесси тұрғыны ұсталды.

Елдің Әділет министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Скайлер Филиппи шабуылдың «жүйені қалай дүр сілкіндіруі» мүмкін екендігі туралы зерттеулер жүргізгеннен кейін жарылғыш заттармен толтырылған дронды пайдаланып, Нэшвиллдің электр желісіне шабуыл жасауды жоспарлаған. Өзінің жоспары туралы АҚШ-тың Федералды тергеу бюросына (FBI) хабарлаған.

FBI маусым айында ақпарат келіп түскеннен кейін Филиппиге қатысты тергеу бастаған. Тергеу барысында Колумбия мен Теннесси маңында болған жаппай атыстың бейнежазбасын тапқан. Прокурор ақпаратынша, бейнежазбада күдікті Филиппи дронды сынақтан өткізіп жатқан.

Айыптаушылар Филиппи елдің энергетикалық секторына террористік шабуыл жасап, азаматтық соғысқа әкелетін тәртіпсіздік тудыруды көздейтін ақ нәсілділердің үстемдігі, яғни нео-нацистік идеяларды ұстанады деп отыр.

Айта кетейік, 5 қарашада АҚШ президентінің сайлауы өтеді. Лауазымға қазіргі АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен бұрынғы президент Дональд Трамп үміттеніп отыр. Президенттен бөлек, бүгін амекарилықтар Сенат пен Өкілдер палатасына дауыс береді.

KursivMedia АҚШ президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз