Air Astana әуе компаниясының түсімі қаңтар-қыркүйек айларында 12,7%-ға өсіп, 459,365 млрд теңгеге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әуе компаниясының активтері жыл басынан бері 37%-ға өсті / Архив: kursiv.media

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Air Astana әуе компаниясының түсімі 12,7%-ға өсіп, 459,365 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы тасымалдаушының 2024 жылдың 9 айындағы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есебінде жазылған.

Оның ішінде жолаушыларды тасымалдаудан түскен түсім – 11,4%-ға артты. Көрсеткіш 442,810 млрд теңгеге жетті. Ал жүк және пошта тасымалынан түскен түсім – 21,8%-ға өсіп 8,650 млрд теңге болды.

Есепке сүйенсек, әуе компаниясының активтері жыл басынан бері 37%-ға өсіп, 848,187 млрд теңгеге жеткен. Air Astana жеке капиталы 2 есеге 187,783 млрд теңгеге, жарғылық капиталы 22,7 есеге, 56,758 млрд теңгеге дейін өсті.

Міндеттемелеріне келсек мұнда да жағымды динамика байқалады. Көрсеткіш 26%-ға өсіп, 660,404 млрд теңгені құрады.

Аталған кезеңде компания таза пайдасы 24,751 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңнен (32,530 млрд теңге) 23,9% төмен. Ал салық салынғанға дейінгі пайда 20%-ға төмендеген. Оның көлемі 32,394 млрд теңгені құрады.

Есепке сүйенсек, 2022 жылы Топ 12 A320neo ұшағы бойынша жалдау келісіміне қол қойды. Биыл оның оның 3-ін жеткізбек. 2025-2026 жылдары тағы 3 B787-9 ұшағын жалға алу жоспарланған.

Еске сала кетсек, жыл басында әуе паркін 59 ұшаққа дейін ұлғайтатынын хабарлады. Air Astana 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында кірісін 13%-ға арттырды. Бұл ретте компания таза пайдасы туралы мәлімет бермеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз