Jusan Bank жылдық 8%-бен 100 млрд теңгеге он жылдық облигациялар шығарады
Jusan Bank жылдық 8%-бен 100 млрд теңгеге (бір дана үшін 1000) он жылдық облигациялар шығарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.
«jusan Bank жылдық 8%-бен 100 млрд теңгеге (бір дана үшін 1000) он жылдық облигациялар шығарады», – деп жазылған хабарламада.
Былтыр жазда банк Ғалымжан Есеновтың иелігіне өтті. Оның банктегі үлесі 97%-ға дейін жеткен. Ол «First Heartland Securities» арқылы акциялардың 77,86%-ын иеленсе, қалған бөлігі 19%-ы тікелей өзіне тиесілі.
Jusan Bank активтерінің көлемі бойынша елдегі ең ірі 6 банктің қатарына кіреді. Банктің өтімді активтері 2,8 трлн теңгеден асады. 2024 жылдың 9 айында Jusan Bank – 120,3 млрд теңге пайда тапқан.
Сонымен қатар Қазақстан халықаралық нарыққа еурооблигация шығарып, 1,5 млрд доллар қарыз тартқан еді. Бұл – 2015 жылдан бергі алғашқы шығарылым болды.