Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеуге тыйым салынбағанын хабарлады

Жарияланды
Hyundai Solar Батыс Қазақстан облысына 81 млрд теңге инвестиция құяды
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы берілуі мүмкін / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеуге тыйым салынбағанын хабарлады. Ведомство түсіндіруінше, белгілі бір тізбеде көрсетілген баптар бойынша сыйақы төлеуге тыйым салынған. Министрлік мемлекеттік қызметкерлерге қандай қаражат көздерінен сыйақы берілмейтінін түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

Қаражат қаулы ережелерінде көрсетілген нақты шығыс тізбесі бойынша ғана беріледі. Онда да бұл шығыс түрлерінен ақша үнемделген жағдайда ғана сыйақы қарастырылады. Мәселен, іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстарға жоспарланған қаражаттан ақша үнемделсе, мекемеде жақсы жұмыс нәтижелерін көрсеткен қызметкерге сыйақы төленуі мүмкін.

Осы орайда ведомство өз тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салмағанын, тек шығыс тізбесінде көрсетілген бюджеттік баптар бойынша сыйақы алуға рұқсат берілгенін хабаралды.

«Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Ал осыған дейінгі министрлік таратқан ақпарат бағдарлама әкімшілерінің Үкімет қаулысын бұлжытпай орындауы үшін және сыйақы төлеуге басқа бюджеттік баптарды пайдаланбауы үшін шығарылған екен. Яғни, шенеуніктер инвестициялық жобаларды іске асырудан және мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетін сыйақы ретінде пайдаланбауы керек.

Еске сала кетсек, Қаржы министрлігі ішкі есеп-шоттан сыйақыға ақша аударуға тыйым салған болатын. Ол тыйымға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы төлеуге арнайы қаражат жоспарланбайды.

KursivMediа әкімдер мен министрлерге жалақы, сыйақы және бонус қалай төленетіні жөнінде жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз