Америкадағы қазақ қыздың жұмбақ өліміне қатысты Қазақстан АҚШ-тан жәрдем сұрады

Жарияланды
Динараны алты жасында америкалық отбасы асырып алған болатын/фото: Kursiv.media мұрағаты

Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жазып, америкалық отбасы асырып алған қостанайлық қыздың өліміне байланысты тергеу ісіне көмектесуін сұрады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Комитет бала өліміне қатысты қылмыстық тергеу ісін объективті және жан-жақты өткізу үшін жәрдем көрсету туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жолдады», – делінген комитеттің жауабында.

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізова 6 қарашада 26 жастағы Динара деген қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы хабарлаған еді. Динараны алты жасында америкалық отбасы асырып алған болатын. Қостанайдағы балалар үйінен оны, тағы бір баламен бірге, асырап алып кеткен екен.  

Қажеті болмай қалғандықтан, қазақ балаларын шетелдік азаматтардың асырап алуына көмек көрсететін агенттіктер қазір жұмыс істемейді.

Сондай-ақ оқыңыз