Семейде жол жүру ережесін 50 мәрте бұзған Toyota иесі 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлейді

Жарияланды 5 Қараша 2024 20:51

(жаңартылды 6 Қараша 2024 04:07)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Toyota иесі 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлейді/ фото: kursiv.media

Абай облысының орталығы – Семей қаласында бірнеше мәрте жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды. Полиция қызметі Toyota көлігін айып тұрағына қойды.

1994 жылғы жүргізуші сақтық шарасын ұмытқан сыңайлы. Ол көлік жүргізу тәртібін 50 рет бұзған!

Рейд барысында оның мүлдем айыппұл төлемегені анықталды. Жас жігіт 1 миллион 583 мың теңге әкімшілік айыппұл арқалады. Оның ереже бұзғаны «Сергек» құрылысына таспаланған. Ол құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлды өтемейінше Toyotа арнайы орында қаңтарулы тұрады.  

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында ЖКО бойынша 19 мыңнан астам дерегі есепке алынды. Көлік апатынан 1,7 мыңнан астам кісі көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыз