Қазақстан АЭС салу үшін іріктеліп алынған компаниялармен келіссөз жүргізуді бастады. Бұл жөнінде Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта бәсекеге негізделген диалог аясында «шорт-листке» енгізілген әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер басталды. Бұл ынтымақтастықтың барлық аспектісін – техникалық жағдайдан бастап экономикалық және құқықтық мәселелерге дейін талқылауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.
Атом электр стансасын салу жобасы бойынша жеткізушіні немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады. Ведмство келіссөз процедурасы заң аясында жүргізіліп жатқанын нақтылап өтті.
«Бұл формат халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Қазақстанның ұлттық мүддеге сай оңтайлы шешімді таңдауына мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Ведмствоның баспасөз қызметі Энергетика министрі Сәтқалиевтің шетелге іссапары жоспарға сай өтетінін, әсіресе, АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін делінген мемлекеттерге барғанда қисынсыз жорамал жасаудың қажеті жоқ екенін ескертті. Келесі жылы маңызды нысан құрылысына жауапты концорциум іскерлік келіссөздер арқылы анықталады.