Түркі мемлекеттерінің экономикалық әлеуеті қандай?

Жарияланды
Фото: shutterstock, коллаж: Ахтам Зиперов

Түркі мемлкетерінің экономикасы 2,1 триилон АҚШ долларынан асты. Бұл ұйымның ірі экономикасы Түркия болып отыр. Ал өзге елдердің экономикалық қуаты әлде қайда төмен екені мәлім.

                                                                                 

ЖІӨ көрсеткіштері және экономикалық әлеует

Түркі мемлекеттерінің ұйымына кіретін мемлекеттердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші әртүрлі. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) болжамынша 2024 жылы түркі мемлекеттерінің номиналды ЖІӨ келесідей:

                                                                                   

Түркия – Ең ірі экономикасы бар мемлекет. 2024 жылы Түркияның ЖІӨ-сі шамамен 1,3 трлн доллардан асуы ықтимал. Бұл ел өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша жақсы дамыған. Түркияның аймақтық және жаһандық сауда байланыстары Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық қозғалтқыш рөлін атқарады.

Қазақстан – ТМҰ-ның тағы бір ірі экономикасы. Қазақстанның ЖІӨ-і 2024 жылдың қортындысы бойынша шамамен 300 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Бұл елдің экономикасы негізінен мұнай, газ және пайдалы қазбаларға негізделген. Қазақстан «Орта дәліз» арқылы логистикалық орталық ретіндегі рөлін арттыруды көздейді.

Әзірбайжан – ЖІӨ-сі шамамен 76 миллиард доллар көлемінде. Әзірбайжанның экономикасы мұнай мен газ экспортынан үлкен пайда көреді, және ол еуразиялық көлік дәлізінің маңызды бөлігі ретінде дамып келеді.

Өзбекстан – ЖІӨ-сі 112,6 миллиард доллар шамасында қалыптасады деп болжануда. Экономикада  ауыл шаруашылығы мен тоқыма өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Өзбекстан қазір экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформаларды іске асыруда, және бұл оны алдағы уақытта маңызды аймақтық экономикалық ойыншы етеді.

Қырғызстан мен Түркіменстан – Қырғызстан  экономикасы салыстырмалы түрде шағын. Түркіменстан негізінен газ экспортына, ал Қырғызстан ауыл шаруашылығы мен гидроэнергетикаға тәуелді. Дегенмен де ХВҚ есебінше, Түркіментанның биылғы  ЖІӨ 84 миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс.

Венгрия (бақылаушы ел) – Экономикалық қуаты жоғарырақ, ЖІӨ-сі 228миллиард доллар шамасында. Венгрияның Еуропалық Одақпен тығыз экономикалық байланыстары бар, бұл ұйымның еуропалық нарыққа шығуына ықпал етуі мүмкін.

                                                                              

ЖІӨ үлкен болғанымен жан басына шаққанда айырмашылық жоғары

Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдер мен бақылаушы елдердің жалпы ішкі өнімі жан басына шаққандағы көрсеткіші экономикасы мен халық санына байланысты едәуір айырмашылықтары бар. Бұл көрсеткіш әр елдің экономикалық дамуы деңгейін сипаттайды. 2024 жылғы  мәліметтер бойынша, Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдер мен бақылаушы елдердің ЖІӨ жан басына шаққандағы шамалары әрқалай. Мәселен, Түркияның экономикасы үлкен болғанымен ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіші ($1 5670), Қазақстан ($14 570) болса, Солтүстік Кипрдегі бұл көрсеткіш $38 000-ға жуықтаған. ЕуроОдақтың мүшесі Мажарстанда ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіш -$24 000. Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжан елдерінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болып отыр.

Экономикалық ынтымақтастықтың артықшылықтары

Түркі мемлекеттерінің экономикасының әртараптандырылуы және ресурстық негіздері олардың ынтымақтастығын күшейтеді.

Сауда және инвестициялық серіктестік: Түркі елдерінің әрқайсысы өз салалары бойынша маманданған, бұл өзара тиімді сауда қатынастарын орнатуға жағдай жасайды.

Транспорттық дәліздер: Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен «Орта дәліз» жобасы аймақтық сауданы жеңілдетіп, Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектеседі. Бұл көлік инфрақұрылымы сауда айналымын айтарлықтай өсіруі мүмкін.

Энергетикалық ынтымақтастық: Қазақстан, Әзірбайжан және Түркіменстанның энергетикалық ресурстары Түркия мен Еуропаға тасымалданып, тұрақты жеткізу арналарын қамтамасыз етеді. Өзара энергетикалық жобалар да осы саланы нығайтуда маңызды рөл атқарады.

 Инвестициялық қор және оның мақсаты

Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) аясында түркі елдері арасында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түркі елдерінің инвестициялық қорын құру туралы ұсыныс жасалған болатын. Бұл қор мүше елдер арасында ірі жобаларды қаржыландыруға, экономикаларды әртараптандыруға және өңірлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Қорды құру туралы бастама алғаш рет 2019 жылы Түркі Кеңесінің саммитінде көтерілген болатын, ал кейінірек әр мемлекет заң жүзінде бекітіп алғашқы жарналарын салды.

Қор көлік, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы маңызды жобаларға қаржы салуға бағытталады. Бұл мүше елдердің экономикаларын дамытуға және олардың арасындағы байланысты күшейтуге көмектеседі. Қор шағын және орта кәсіпорындарды қолдау арқылы жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға және инновацияларды дамытуға ықпал ете алады.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы экономикалық жағынан үлкен әлеуетке ие. Әрбір мүше елдің ЖІӨ-сі мен экономикасының құрылымы әртүрлі болғанымен, олар бір-бірімен тиімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Сауда, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты арттыру, сонымен қатар экономикаларды әртараптандыру ұйымның негізгі мақсаттары болмақ.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ), бұрын Түркі Кеңесі деп аталған, түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат ететін халықаралық ұйым. Бұл ұйым 2009 жылы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасында құрылған, кейіннен Өзбекстан, Түркіменстан және Венгрия бақылаушы ретінде қосылды. ТМҰ-ның қызметі мәдени, экономикалық және саяси бағыттағы көптеген жобаларды қамтиды.

Сондай-ақ оқыңыз