Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бала тәрбиесіне көбірек уақыт бөлу үшін әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту туралы ұсыныс жасады. 2022 жылғы сайлау президенттікке үміткер болған депутат ақылы декреттік демалысты екі жылға дейін ұзартуды талап еткен.
Депутат қазақстандық әйелдердің мемлекеттік жоғары лауазымдарды сирек атқаратынына наразылық білдірген.
«Скандинавия елдерінің тәжірибесіне қарасақ, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін қарастыру қажет. Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді. Осылайша жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады», – деп атап өтті ол премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында.
Әйелдердің мансабын жоғарылату үшін оларға қолайлы жағдай жасау туралы айта келіп, бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамытуды ұсынды.
«Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу, жұмыс орындарында балалар бөлмелерін ашу керек. Ақылы декреттік демалыс екі жылға дейін ұзартылуы қажет. Жыныстық кемсітуге қарсы күрес пен жұмыс орнында әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту керек», – деді депутат.
Әбденнің мәліметінше, 2023 жылы әйелдер мемлекеттік қызметтегі лауазымдардың жартысынан көбін атқарған. Бірақ жоғары лауазым позициялардағы үлесі 20,3% шамасында болған.
«Тәуелсіздік алғаннан бері саяси лауазымдағы әйелдердің үлесі 15% аспады. IPU Рarline рейтингіне сәйкес, саясаттағы әйелдердің саны бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 124-ші орында тұр. Елімізде аудандық мәслихаттардағы әйелдердің үлесі орта есеппен 21% құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш аймақтар бойынша алғанда айтарлықтай өзгереді. Мәселен Түркістан облысында 6,5% ғана», – деді депутат.
Ол квазимемлекеттік секторда да негізгі лауазымдарда ер адамдар отырғанын айтты.