Lifestyle

Экологиялық таза авиаотын өндіру үшін қанша қаржы керек?

Экологиялық таза авиаотын өндірісін Қазақстан да қолға алды /Архив: kursiv.media

Әлемд әуе компаниялары экологиялық таза авиациялық отынды пайдалану үлесін 55%-ға жеткізу үшін шамамен 3,2 млрд доллар инвестициялау қажет. Бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аймақтық экологиялық маманы Бландин Ферьер айтты.

«Бұл ретте қызметкерлердің рөлі зор. Биоотын өндірісінің 55% үлесіне мамамандарды пайдалану есебінен қол жеткізіледі. Бұл үлкен қолдау мен үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Біз шамамен 3,2 млрд доллар қажет деп бағалап отырмыз, олар өндірісті кеңейту және қызметкерлерді оқыту үшін қажет», – деді Бландин Ферьер.

Осыған байланысты ұйым халықаралық қаржы институттарынан экологиялық таза авиациялық отын өндірісін қолдаудың әртүрлі тетіктері мен құралдарын зерттеуді және арнайы мамандарды оқытуды сұрайды. Сонымен қатар, ұйым осы салада серіктестер табу үшін арнайы онлайн платформа әзірлеуде. Ол 2025 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Бұған дейін ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын (SAF) шығарылатынын айтқан болатын. Өндіріске дайындықты «ҚазМұнайГаз-Аэро» бөлімшесі жүргізеді.

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — Jet-1 маркалы отынның экологиялық таза маркасы болып есептелетін авиациялық отын түрі. Ол дәстүрлі әуе керосиніне балама жанармайдың бірі.