Алматыда көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру қиындай түспек

Жарияланды 6 Қараша 2024 12:51

(жаңартылды 6 Қараша 2024 12:51)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алматыда көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру қиындай түспек / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру қиындай түспек. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізді. Бұдан былай жүргізуші куәлігіне үміткерлер емтиханға кіру үшін тұлға ретінде растайтын аутентификациядан өтеді.

Әр үміткер өзінің жеке басын СМС хабарламаның көмегімен және биометриялық жүйемен растайды. Содан кейін ғана емтихан тапсыруға жіберіледі. Мұндай жаңашылдық, түрлі алаяқтықтың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.

Тестілеу басталар алдында қызметті алушыға 1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салатын хабарлама келіп түседі. SMS қолданушының электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.

«Хабарламада өзіңіз екеніңізді дәлелдеу үшін растау кодын басасыз. Содан кейін бізде теория сыныбына кірген кезде қай компьютерге отыратыныңыз сол жерде белгілі болады. Екі факторлы растау жүйесі жол апатын азайтуға да септігін тигізуі тиіс, – деп атап өтті Алматыдағы  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асет Тұрғымбаев.

Айта кетейік, жаңа бастама 11 қазаннан бастап Астана қаласында енгізіледі. Еліміздің мамандандырылған ХҚКО-да екі факторлы аутентификацияны жыл соңына дейін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз