Шавкат Рахмоновтың чемпиондық белбеу үшін таласатын жаңа қарсыласы анықталды. UFC 310 журналисі Рубен Картердің айтуынша, Рахмоновтың жаңа қарсыласы Камару Усман болады. Нигериялық спортшы бұған дейін титулын Леон Эдвардске жеңілген болатын және оны қайта қайтаруға үмітті. Екі спортшы да жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион атағын жеңіп алуға мүмкіндігі бар.
Бұған дейін, Қазақстандық спортшы чемпиондық жекпе-жегі үшін Белал Мұхаммадпен шығуы керек еді. Алайда, Белал күтпеген жерден кездесуден бас тартуына байланысты болмай қалды. UFC-310 ұйымдастырушылары турнир басты жекпе-жексіз қалмауы тиіс еді, сондықтан лига тез арада Шавкатқа лайықты қарсылас іздеуді бастады.
Белал Мұхаммад неге айқасқа шықпайтынын түсіндірген еді.
«Аяғымда сүйек инфекциясы пайда болды… IV антибиотиктер үшін қолыма катетер салынады. Алдағы 6 апта бойы физикалық тұрғыда белсенділік жоқ… Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Мені көргісі келген адамдардан кешірім сұраймын», – деп жазды Белал Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста жоспарланған.