Садыр Жапаров Түркия президенті Ердоғанға жылқы сыйлады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанға арнайы жылқы тарту етті. Бұл туралы қырғыстандық 24kg жаңалықтар қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, кеше 5 қарашада Түркия президенті Ердоған Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Садыр Жапаровқа Түркияда өндірілген TOGG электромобилін сыйға тартқан болатын.
TOGG Түркияның Бурса аймағында шығарылады. Электрокардың құны $28 мың доллардан басталады. Негізгі жабдықтары қамтылған кроссовердің моторында 204 аттың күші бар. Қымбат нұсқаларында қосымша күш құрылғылары орнатылған.
Сонымен қатар, бүгін, 6 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына келді. Президентті Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.