Air Astana әуе компаниясы Астанадан ұшатын рейстер кейінге қалдырылуы мүмкін екенін ескертті. Жел салдарынан ұшақтарға техникалық қызмет көрсету нашарлаған.
«6 қараша күні кешке Астанадан ұшатын рейстер ауа райының нашарлауына байланысты, дәлірек айтсақ, ұшақтардың сыртына қатқан мұзын ерітуге кедергі келтірген қатты желге байланысты кейінге қалдырылды», – деп хабарлады компания Telegram-да.
Әуекомпания рейс кешіккен жағдайда (+7 7272 44 44 78) сенім телефонына хабарласуға болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, компанияның бас директоры Питер Фостер арзан билет сатып алу үшін маусым мен қыркүйек айлары қолайлы екенін айтты.