Қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола мен Ақтөбе облыстарында автожолдар жабылып жатыр

Жарияланды
жолдар жабылды
6 қараша күні кешкі мезгілде Ақмола мен Ақтөбе облыстарында жолдар жабылды / Фото: shutterstock

Бұрқасын жүріп, көктайғақ болуына байланысты Ақмола мен Ақтөбе облыстарында республикалы маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылады.

«Қазавтожол» ҰК 6 қараша күні кешкі сағат 21:00-де Астана – Петропавл трассасының жабылатынын ескертті. Астана мен Щучинск қалаларының аралығында көлік қозғалысы тоқтамақ. Осыны алдында Көкшетау – Атбасар жолымен де жүруге тыйым салынды. Зеренді ауылы мен Атбасар аралығында да ешқандай көлік қатынай алмайды. Компания трасса 7 қараша, сағат 8:00-де ғана ашылуы мүмкін екенін хабарлады.

Ақтөбе облысындағы күре жолдарға да шектеу қойылды.

«Сағат 19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», – деп ескертті.

Самара – Шымкент автожолының 965-1153 шақырым бөлігінде автокөліктердің жүруіне тыйым салынды. Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы жолы да жабылған.

Сондай-ақ оқыңыз