«Хуторлық» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар делінетін Хасанның әйелі Шерзат Болаттың отбасын сотқа беруі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Жена арестованного Хасана, которого связывают с «ОПГ Хуторские», может подать в суд на семью Шерзата Болата
Хасанның әйелі күйеуі мақұласа, Шерзат Болаттың отбасын сотқа беретінін айтты/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Екі айға қамауға алынған және «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар Хасан Қасымбаевтың әйелі күйеуі туралы расталмаған ақпарат таратқан блогерлерді сотқа беретінін айтты.

«Біз көптен бері үнсіз қалдық, бұлай жалғаса бермейді, біз бірінші кезекте оның қылмыскер, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, кісі өлтіруші екендігі туралы тексерілмеген, сенімсіз ақпаратты тарата бастаған блогерлерді сотқа береміз. Міне, осындай жағымсыз пікір қалдырған да солар», – дейді Зүлфия Қасымбаева Barys Media басылымына берген сұхбатында.

Қасымбаевтар Шерзаттың отбасын сотқа бере ме, жоқ па деген сұраққа ол «күйеуім шешеді» деп жауап берді.

«Олардың қайғырып отырғанын білеміз. Бірақ ештеңеге кінәлі емес, оларды мүлдем танымайтын, өз бетімен тату-тәтті өмір сүріп жатқан басқа бір отбасыны да әуре-сарсаңға салып қойды. Енді балаларды есептемегенде маған, менің бүкіл отбасыма қандай қысым жасалып жатқанын білесің бе?» – деді Хасанның әйелі Қасымбаева.

Ал  бұл іс бойынша Шерзат Болаттың отбасының адвокаты марқұм баланың әкесінің атынан Instagram желісі арқылы зардап шеккен тарапты қорғауды жалғастыратынын хабарлады.

«Маған хабарлама жіберіп, Хасанның әйелінің сұхбаты туралы жазып жатқандар бар. Оның күйеуі абақтыдан шығып, Шерзаттың отбасын сотқа береміз десе, біз жәбірленушіні, Қаржаубай туралы айтып отырмыз (Қаржаубай Нұрымов – Шерзат Болаттың әкесі), онда Шерзаттың отбасының мүддесін де қорғаймыз», – деді Шерзаттың отбасының адвокаты Саида Тәукелева.

Сонымен қатар, журналистің Қасымбаев мүлкін «рэкеттік жолмен» тапқаны рас па деген сауалына әйелі оның «адал жұмыс істейтінін», кәсіпкерлікпен және мал шаруашылығымен айналысатынын айтты.

«Рэкетирлік әдіс-тәсіл… Мен білмеймін. Қазір 90-шы жылдар емес қой. Өз еңбегімен табыс тауып отыр», – дейді Зүлфия Қасымбаева.

Хасан Қасымбаев 2021 жылдың маусымындағы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі айға қамауға алынған. Оған қатысты адам ұрлау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптары бойынша іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз