8 қараша күні Астананың сол жағалауында жылу мен ыстық су өшіріледі
8 қараша күні Астананың сол жағалауындағы Есіл ауданында жылу мен ыстық су өшіріледі. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлайды.
«8 қарашада Астананың Есіл ауданында сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін жылу магистралінің жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты жылу мен ыстық су болмайды», – деп жазылған хабарламада.
Су мен жылу 7 қарашада өшірілуі керек еді, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмаға ауыстырылған. «Астана-Теплотранзит» компаниясы су мен жылу желілерінде ешқандай апат болмағанын, кезекті жөндеу жұмысы жүргізілетінін жазады.
6 қарашадан бері Астанада ауа райы күрт құбылды. Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 қарашада Астанада қар жауып жел соғады. Күндіз ауа температурасы -4-6 градус, түнде -6-8 градусқа дейін суытады.
7 қараша күні ауа райыныі қолайсыздығына байланысты Астана мектептерінің 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыды.