Алматыдан Ташкентке және Екатеринбургке апаратын республикалық маңызы бар жолдардың кей аймақтары уақытша жабылған. Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, Алматы-Ташкент-Термез автожолының Жамбыл облысы Айша бибі ауылынан Түркістан облысы Тұрар Рысқұлов ауылына дейінгі аймақ уақытша жабық болған. Ауа райына байланысты жабылған жолды жұмысшылар таңға жуық қана аша алған.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ауа райының құбылуына байланысты Алматы-Екатеринбург жолында 108 шақырым жол жабылған. Атбасар қаласынан Жылтыр кентіне дейінгі жолды арнайы техникамен тазалап, түнде екі сағатқа жабылған. Қазір жол ашылды.
Қарағанды облысының шекарасынан Жібек жолына дейінгі жол түні бойы жабық тұрған. Астана қаласынан Павлодар облысына апаратын жол да ауа райын байланысты жабылып қалған. Екі жол учаскесін де таңғы сағат 8:00 ашу жоспарланған.