Астана қаласының халықаралық әуежайында ауа райына байланысты ұшып келетін және ұшып кететін 12 рейс кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы әуежай баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, Астанадан Дубай, Стамбул, Атырау, Петропавл, Орал мен Саньяға ұшатын 6 рейс кешугіде. Жалпы әуежайда бүгін 80 ұшып кететін рейс жоспарлаған.
Елордаға Алматыдан ұш ұшақ кешіктірілуде. Бұған қоса, Қызылорда, Ақтау мен Оралдан келетін рейстердің қалаға қашан қонатыны белгісіз. Әуежайға бүгін әлем мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 82 рейс ұшып келуі қажет.
«Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады», – делінген әуежай хабарламасында.
Метереологтардың ақпаратына сүйенсек, 7 қарашада елордада жел жылдамдығы 3 м/с күшейіп, 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі.