АҚШ президенті Джо Байден вице-президент Камала Харристің президент сайлауында Дональд Трампқа есе жіберуінің басты себебі уақыттың таяз болуы деп түсіндірді.
Байденнің айтуынша, Харрис «төтенше жағдайларда» үгіт-насихат жарысына кіріп, науқанда «амекарилықтардың күшті моральдық компасына айналып, олардың айқын көзқарасын» қорғай білген. Президент өзінің де, Камала Харристің де Дональд Трампты жеңісімен құттықтағандарын атап өтті.
«Ол төтенше жағдай кезінде америкалықтардың күшті моральдық компасына айналып, елдің айқын көзқарасы қорғап, еркін, әділ және үлкен мүмкіндіктерге толы тарихи науқанды жүргізді», — деп атап өтті ол.
Демократиялық партия кандидаты бастапқыда Байден болған. Бірақ ол өз сәтсіздіктерінен кейін Харриске жол берген. Ол сайлауға небәрі 107 күн дайындалған. Байден бұл Америка сайлауы үшін рекордтық қысқа мерзім екенін алға тартты.
Байден Харристі 2020 жылы вице-президент ретінде таңдауды өзінің «ең жақсы шешімі» деп санайтынын айтты. Және Харристің әлі күріске түсуге дайын екенін атап өті.
Харрис жеңілгенін мойындады. Ол Трамппен тілдесіп, биліктің бейбіт жолмен берілетінін айтты. Дегенмен өзі қорғаған көзқарас үшін әлі де күресетінін атап өтті.
«Бұл қол қусыратын уақыт емес, бұл жең түретін уақыт», — деп қосты Харрис.
Байден де Трампты құттықтап, билікті бейбіт жолмен беруді талқылау үшін Ақ үйге шақырды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Трамп 294 дауыс, Харрис 223 дауыс жинады. Биліктің басқа деңгейлеріндегі дауыс беру нәтижелері бойынша Сенатта республикашылар 52, демократтар 44 дауыс, Өкілдер палатасында республикашылар 205, демократтар 190 орын алатын болды.