Жаңалықтар

Германияда 2025 жылға бюджет бекіте алмаған үкімет коалициясы ыдырады

Германияда 2025 жылға бюджет бекіте алмаған үкімет коалициясы ыдырады / Фото: Ben Kriemann/PicOne/picture alliance

Германия федеративті республикасының канцлері Олаф Шольц өзі құрған үкіметке қатысты сенім мәселесін Бундестаг (ел парламенті) талқылауына шығармақ. Депутаттар 15 қаңтарда Үкіметті қайта құруға қатысты дауыс береді.

Елдегі Социал-демократиялық партия, Еркін демократиялық партия және «Жасылдар» партиясынан тұратын құрылған Үкімет басқару коалициясы ыдырады

Олаф Шольцтің айтуынша, вице-канцлер Роберт Хабекпен ақылдасып, Үкіметке сенім өнеркәсіпті қолдау, зейнетақы көлемін тұрақтандыру шараларын талап ететін барлық заң жобаларын депутаттар талдауына шығаруға келіскен.

6 қараша Шольц Еркін демократиялық партияның төрағасы Кристиан Линднерді қаржы министрі қызметінен босатқан. Линднер Шольцты басқару коалициясының күйреуіне айыптаған. 

Коалиция мүшелері ұзақ уақыт бойы экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша қайшылықтарға тап болған. Бұл олардың болашақ 2025 жылға арналған Германия бюджетіне қатысты келісімге келе алмауына әкелген.

Егер 15 қаңтарда Бундестаг Үкіметтің тарауына дауыс берсе, елде мерзімінен бұрын сайлау науқаны басталады.