Жаңалықтар

Ресейдің Омбы, Астрахань мен Орынбор қалаларында қазақ мектептері ашылады

Ресейде қазақ мектебі ашылады
Ресейде қазақ мектебі ашылады / / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Федерациясының қазақтар көп тұратын Омбы, Астрахань мен Орынбор қалаларында қазақ мектептері салынуы мүмкін. Бұл туралы Астанаға ресми сапармен келген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан Ресейде үш мектеп ашса, Ресей Қазақстанда да үш мектеп ашатын болатын.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын үш бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Ресейдің кейбір қалаларында: Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытты», – деді министр.

Лавров Қазақстан мен Ресей тарихына қатысты мәселелердің екі елде де қызу талқыланып жататын атап өтіп, осы мәселеде даулы жағдайларды тудырмас үшін бірлескен тарихшылар тобын құрылатынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаттары мен белгілі журналистер Қазақстанның саясаты, тілі мен тарихына қатысты екіұшты пікір білдірген. Мәселен, Тина Канделаки «Қазақстанда орыс тіліне қысым жасалады» деп айтқан.