Англия банкі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа төмендетті
7 қарашада Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа, жылдық 4,75%-ға дейін төмендетті, деп хабарлады Reuters басылымы.
Шешім сарапшылардың консенсус болжамдарымен сәйкес келді.
Британ Орталық банкі қыркүйекте мөлшерлемені 5% деңгейінде қалдырды. Ал тамызда көрсеткішті 2020 жылдан бері алғаш рет төмендетті. Бұған дейін кейінгі 16 жылдағы ең жоғары 5,25% деңгейде болды.
Ақша-несие саясаты комитетінің тоғыз мүшесінің сегізі мөлшерлемені төмендетуге дауыс берді, біреуі оны сол деңгейде қалдыруды ұсынды.
Осыған дейін әлемнің ірі экономикалары мөлшерлемелерді төмендету циклін бастады. Англия банкі ақша-несие саясатын жеңілдетуге шілде айында кірісті (мөлшерлеме 25 б.т.-қа төмендетіліп, 5,0%-ға жетті).
Қыркүйекте екі ірі әлемдік орталық банк – ФРЖ және ЕОБ мөлшерлемені төмендетті. АҚШ реттеушісі мөлшерлемені бірден 50 б.т.-қа, 5,0%-ға дейін түсірді.