2024 жылдың 7 қарашасында ITS Қазақстан және Орталық Азия қаржы нарықтары үшін тұңғыш индекстік ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттықты бастады. ITS World индексіне негізделген биржада саудаланатын қор АХҚО юрисдикциясында құрылған.
ITS-те алғашқы күні ETF қаржы құралының бір данасы 10,1431 долларды құрадын.
«ITSW – кез келген инвестор үшін қолжетімді инвестициялық құрал, – деп атап өтті ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.
Мәселен, 10 долларға инвестор Орталық Азия инвесторларына танымал, 50 ірі халықаралық компания құнды қағаздары жиынтығын сатып ала алады. Бұл бағалы қағаздардың қатарында Kaspi.kz және «Қазмұнайгаз» бар. Бұл тәжірибе аз инвесторлар үшін Қазақстан нарығында аз ғана қаржымен инвестициялауды бастау үшін жақсы мүмкіндік болмақ. Жалпы мұндай портфельді өз бетінше жинау үшін қомақты қаржы қажет.
ITSW қорының басқарушы компаниясы ретінде IPS Capital компаниясы таңдалған. Ұйым АХҚО -дан жеке инвесторлардың қаржысын басқару лицензиясын алған.
«Біз ITSW кез келген қазақстандық инвестордың, соның ішінде тәжірибелі инвестордың портфеліндегі негізгі құрал бола алады деп сенеміз. Бұл ұзақ мерзімді инвестициялар үшін де, күндізгі қысқа мерзімді сауда-саттық үшін де жақсы өнім. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден келесі күннің сағат 03:45-ке дейін жүргізілетін сауда-саттық инвесторға Қазақстан нарығындағы және Азия, Еуропа, Америка нарықтарындағы кез келген жаңалықтарға жауап беруге мүмкіндік береді», – деді ITS басқарушы директоры Александр Диаковский.
Инвесторлар ITSW акцияларын ITS сауда алаңына қосылған кез келген брокер арқылы сатып ала алады.
ITSW құрамы, нақты уақыттағы динамикасы, индекс әдістемесі және басқа да құжаттар ITS сайтында жарияланып отырады.
Бұған дейін ITS биржасы санкцияланған Санкт-Петербург биржасының қатысуынсыз жұмыс істеу үшін АХҚО алаңында жеке инфрақұрылымын іске қосты.