Еңбек мигранттарын бақылау үшін Ресейде Қырғызстанның полиция өкілдігі ашылды
Ресейде Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің өкілдіктері ашылды. Олардың қызметкерлері еңбек мигранттары арасында қылмыстарды алдын алуға тартылады.
Өкілдіктер РФ-ның ірі қалаларында: Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосібір және Екатеринбургте ашылған.
Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күреске баса назар аударуға, республика азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті. Сондай-ақ еңбек мигранттарына Ресей Федерациясының жаңа көші-қон заңнамасын сақтауға көмектеседі. Департамент 72 мыңға жуық Қырғызстан азаматының Ресейде заңсыз жүргенін еске салды.
Еске сала кетсек, 22 наурызда Crocus City Hall ғимаратында 145 адамның өмірін қиған лаңкестік әрекеттен кейін Ресей көші-қон заңнамасын қатаңдатты. Қауіпсіздік күштері теракт жасағандарды ұстады. Олар Тәжікстан азаматтары болып шықты. Осыдан соң, Ресейде заңсыз мигранттарға арналған 2013 жылдан бергі ең ірі шара басталды.
Маусым айында Мемлекеттік Дума Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтардың құқықтарын шектейтін заң қабылдады. Бұл шаралар қатарында мигранттарды арнайы тізімге енгізу, олардың тұрғылықты жерін өзгерту, көлік жүргізу, неке қию және банк шоттарын ашу құқықтарын шектеу сынды өзгерістер бар.
Қыркүйек айында Ішкі істер министрлігі Ресейден 2 млн-нан астам мигрант кеткенін хабарлады. 1 қазанда Ішкі істер министрлігі Ресейде уақытша болатын мигранттарды тіркеу мерзімін бір жылға дейін шектейтін түзетулер енгізуді ұсынды.
Жуырда Қырғызстан билігі өз азаматтарын Ресейге барудан уақытша бас тартуға шақырды. Сәуір айының аяғында Тәжікстан да да осындай шара қабылданған.