Ресей мен Беларусьтен кейін Қазақстан да роумингтен бас тартуы мүмкін

Жарияланды 7 Қараша 2024 16:06

(жаңартылды 7 Қараша 2024 16:31)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Сонымен қатар Армения, Қырғызстан да роуминг сынды қызметтен бас тартуы мүмкін / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей мен Беларусь роумингтен бас тартты. Енді Ресей Федерациясы мен Армения, Қырғызстан және Қазақстан арасындағы осындай келісім қабылдануы мүмкін. Бұл туралы РУДН университетінің Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институты директорының орынбасары Евгений Семибратов айтты.

Оның сөзінше, Мәскеу мен Минск арасындағы келісім бұл шараның ұялы байланыс компаниялары үшін қаржылық қауіп төндірмейтінін көрсетеді. Мысал ретінде ол бірнеше жылдан бері роуминг тоқтатылған Еуропалық Одақты атап өтті.

6 қараша Ресей мен Беларусь министрлер кеңесі кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша екі ел арасында роумингті алып тастау сынды бірнеше құжатты бекітті. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 2025 жылдың 1 наурызынан бастап Ресей және Беларусь абоненттері үшін қолайлы тарифтер берілетінін айтты. Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың айтуынша, оператор аралық тарифтерді төмендету қарастырылған.

Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдермен халықаралық ұялы роумингті тоқтату жоспары 2023 жылдың наурыз айында жарияланған болатын. Одан кейін операторлар жаңа тарифтерді енгізе алатын жол картасы әзірленді. Бастама 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін жүзеге асады деп жоспарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз