Қазақстандық «Заман» мен ауғанстандық «Газанфар» банктері арасында 10 мың доллар көлемінде алғашқы сынақ төлемі жасалды
Қазақстандық «Заман» мен ауғанстандық «Газанфар» банктері арасында 24 сағат ішінде 10 мың доллар көлемінде сынақ төлемі жасалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өтінің X желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
«Қазақстандық «Заман» мен ауғанстандық «Газанфар» банктері арасында 24 сағат ішінде 10 мың доллар көлемінде сынақ төлемі жасалды», – деп жазылған постта.
Серік Жұманғариннің хабарлауынша, келесі кезең – еуро мен Қытай юанімен қомақты сомаларды және әртүрлі валюталарды тестілеу.
«Таяу болашақта тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланған», – деп жазды Премьер-Министрдің орынбасары.
2024 жылғы қазанда «Заман Банк» АҚ ауғанстандық «Газанфар» банкінде корреспонденттік есепшот ашады деп хабарланған болатын. Жұманғариннің айтуынша, бұл Ауғанстанмен ғана емес, аймақпен де саудадағы жағдайды түбегейлі өзгертеді.
Қазақстан «Бейнеу» терминалы арқылы Таяу шығыстағы Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттырады.