Lifestyle

Жапониядағы үздік көлік маркасы қандай? Финалға 10 авто моделі шықты

Жапониядағы үздік автокөлік атануға 10 модель үмітті / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жапонияда дәстүрлі «Жапонияның жыл көлігі» байқауы басталды. Жарысқа 31 автокөлік диллері өтінім берді. Енді осы маркалардың арасында 2024-2025 жылдардың үздігі таңдалады. Жуырда ұйымдастырушылар финалға шыққан ол марканың тізімін жариялады.

Айта кететіні, байқау 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Үздік көліктерді жапондық автожурналистер мен автосарапшылар таңдайды (биыл олардың саны 59).

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, байқаудың негізгі шарты – көлік моделі өткен жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңде жапон нарығында ұсынылуы керек.

Финалға жапондық брендтердің алты моделі (Suzuki, Mazda, Mitsubishi, Toyota, Lexus және Honda), екі еуропалық (Mini және Volvo), бір кореялық (Hyundai) және қытайлық BYD компаниясының моделі өтті.

Айта кететіні, қытайлық көліктер өткен жылы да байқауға қатысқан. Бірақ кейін олар ТОП-10 тізіміне енбеді.

2024-2025 жылғы «Жапонияның жыл көлігі» байқауының финалына:

  • BYD Seal
  • Honda Freed
  • Hyundai Ioniq 5 N
  • Lexus LBX
  • Mazda CX-80
  • Mini Cooper
  • Mitsubishi Triton/L200
  • Suzuki Fronx
  • Toyota Land Cruiser 250/Prado
  • Volvo EX30

Бұған дейін «Курсив» тілшісі Қазақстан нарығындағы ең сенімді қытайлық көліктер тізімін талдаған болатын. Сонымен қатар сарапшылар ең сенімсіз көлік үлгілерін атады.