Астана қаласында хоккей турнирлеріне артық 117 млн теңге жұмсалмақ болған. Алайда, Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалауды анықтады.
Аудан прокурорлары жергілікті атқарушы органның республикалық және халықаралық турнирлерге хоккей командаларын дайындау мен қатыстыруға арналған 446 млн теңге сомасында сатып алу жариялағанын анықтады. Құжаттарды тексеру барысында шығындар мөлшерінің негізсіз жоғары екені анықталды.
«Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды. Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді», – делінген хабарламада.
Осыдан кейін, надзор орган аталған сатып алуды тоқтатуға шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық «Барыс» хoккей клубына 2023 жылы 8,5 млрд теңге бөлінгені туралы жазған едік. Қазақстандағы кәсіби спорт клубтарының ішінде ең көп қаражат осы «Барысқа» бөлінеді екен. Ал, биыл астаналық хoккей клубы легионерлермен қош айтысып, жергілікті ойыншылармен ойнағанды жөн көрді.