Ресейдің АКРА агенттігі 2024 жылы Қазақстан экономикасы 3,8%-ға өседі деп болжайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Яғни осы жылы Қазақстан экономикасы баяулаған.
АКРА мәліметіне сәйкес, экономиканың баяулауына өндіруші сектордағы белсенділіктің төмендеуі себеп болған. Экономикасы шикізат экспортына тәуелді Қазақстанда биыл көмірсутек аз өндірілген. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен қатар АКРА негізгі капиталға инвестициялардың азайып кетуін де экономиканың баяулауына әсер ететін фактор ретінде атаған.
Жалпы, Қазақстан үкіметі ЖІӨ көлемін 6%-ға жеткізуді жоспарлаған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткішке жету мүмкін емес деп санайды. АКРА болжамына сәйкес Қазақстан экономикасы 2024 жылы 3,8%-ға, 2025 жылы 4,2%-ға, 2026 жылы 4%-ға, 2027 жылы 3,9%-ға өседі. Ал Халықаралық валюта қоры Қазақстан ЖІӨ-сі 2024 жылы 3,5%-ды құрай деп болдаған. Қор мәліметінше, 2025 жылы 4,6%, 2026 жылы 4%, 2027 жылы 3,9% өсім көрсетуі мүмкін.
Қазақстан экономикасының бәсеңдеуіне Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны саналатын Теңіз кенішіндегі өндірісті жоспарлы кеңейту жұмыстарының кешігуі де өз әсерін тигізуі мүмкін.