Қазақстанда 17 мыңнан астам интернет алаяқтық  дерегі  тіркелді

Жарияланды
алаяқтық жолмен
Интернет алаяқтық тыйылмай тұр/ фото: kursiv.media

Қаңтар-қазан айларында 17 мыңнан астам интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Әсіресе ғаламторда саудаласу өте қауіпті саналып отыр. Қаңтар айынан бермен алаяқ саудагерлерге алданғандарға қатысты 6200-ден астам дерек тіркелген. Интернет платформаларда жымысқы ниеті бар бағасы төмен тауарды ұсынады. Оған алданған тұтынушылар тауар бағасын алдын ала төлеп қойып, сосын сан соғып қалады.

«Тез байып кету» арманы да көп адамды опық жегізеді.  1960-қа жуық адам инвестиция салуға шақырғандардың құрбаны болды. Тіпті кредит алып, қарызға белшесінен батқандар да бар. Дивиденд төлейміз деп уәде беріп, қарасын батыратындар да жеткілікті.

Киберпол қылмыскерлердің тәсілдерінен сақ болуға шақырады, мына құралдарды жиі пайдаланатынын ескертеді:

  • Күмәнді инвестициялар;
  • Тексерілмеген сайттар;
  • Оңай берілетін несие;
  • Өте арзан тауар;
  • Алыстан басқарылатын мобилді қолданбалар;
  • Спам телефон қоңыраулар.

Ұялы телефондар арқылы да хакерлер адамдарды қақпанға түсіруге алаяқтар әбден машықтанып алды. Осы бағытта 4391 факт тіркелген. Қазіргі уақытта операторлар шетел нөмірлерін «спам» деп қабылдап, бірден тоқтатуға кірісті. Содан бері 63 миллионнан астам қоңырау бұғатталған.

Сондай-ақ оқыңыз