Астана әкімі нысандар бүлінгенімен, құрылыс стандарты өзгермейтінін айтты

Жарияланды
фото: kursiv.media

Астанада күшті жел салдарынан үйлердің шатыры ұшып түсті, аялдамалар төңкеріліп қалды. Осыдан жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Bes Media-ның жазуынша, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек нысандар қаншалықты бүлінгенімен, қазіргі қолданыстағы құрылыс талаптарын өзгретудің қажеті жоқ деп есептейді.

«Мұндай кезде осындай жайттар болып тұрады, бірақ жалпы қала осы алғаш дауыл болған күнді қалыпты өткізді. Өте ірі оқиғалар жоқ. Күшті желдің салдарынан бірнеше мәселе болды, соның ішінде бір мектептің төбесі жартылай бұзылды, екі аялдамада ақаулар пайда болды», – деді қала әкімі.

Жеңіс Қасымбек мемстандарт бойынша бекітілген құрылыс ережелері өзгермейтінін айтады. Деген әкімдік нысандардың беріктігін тексеруді бастап кетті.

«Қолданыстағы ГОСТ-тар мен талаптар қауіпсіз құрылыс үшін жеткілікті. Бір жерде шұғыл немесе төтенше жағдай орын алса, біз оны қарастырамыз. ГАСК тексереді. Осы жобаларға қатысы бар құрылыс немесе басқа компаниялар бірдеңені бұзса, олар жазаланады», – деді.

Бүгін елордада жоғары сыныптардан басқа, мектеп оқушылары онлайн оқыды.

Сондай-ақ оқыңыз