Жаңалықтар

Трамптың жеңісінен кейін миллиардер Илон Масктың кірісі қаншалықты көбейді

Илон Маск стал богаче на 26 млрд долларов после победы Трампа
Фото: REUTERS/Carlos Barria, бильд-редактор: Дастан Шанай

Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін әлемдегі 10 бай адамның табысы 63,5 млрд долларға артты. Олардың тізімін Bloomberg жариялады.

Мәселен, сәрсенбі, 6 қараша күні Tesla Inc. компаниясының басшысы, миллиардар Илон Масктың кірісі 26,5 млрд долларға көбейді. Бір күндік табысы еселенген байлардың қатарында Amazon.com Inc. басшысы Джефф Безос және Oracle Corp. басшысы Ларри Эллисон бар. Бұл Bloomberg-тің әл-ауқат индексі жүргізіле басталған 2012 жылдан бері бір күн ішінде тіркелген ең үлкен өсім болып тұр.

Ал Трамп таққа отырғалы табысы артқан 10 байдың қатарында жоғарыдағы үшеуден бөлек, Марк Цукерберг, Бернар Арно, Билл Гейтс, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Уоррен Боффетт, Стив Балмер бар.

Бұлардың біразының табысын еселеуге сайлаудан кейінгі АҚШ-тағы акциялардың өсуі ықпал етті. Айталық, S&P 500 индексі 2,5%-ға өсті, бұл сайлаудан кейінгі тарихтағы ең жақсы көрсеткіш болып тіркелді. Жалпы қазіргі жағдай Трамптың «Ақ үйге» оралғаннан кейін салықты төмендету және реттеуді азайту бағдарламасын жүзеге асырады деген үмітті аңғартады.

«АҚШ-тың қаржылық активтері, әсіресе акциялар мен АҚШ доллары өсуі керек», – деп жазды Швейцариядағы Lombard Odier компаниясының бас экономисі Сами Чаар.

Айтпақшы, тізімдегі 10 адамның тоғызы АҚШ-та тұрады. Тек біреуі – LVMH басшысы Бернар Арно ғана Америкадан тыс жерде өмір сүріп жатыр.

Жаңа сайланған президенттің сайлауалды науқанына белсене қатысқан Илон Маск саясатқа араласуға дайын. Өйткені Трамп Маскты тиімділік жөніндегі үкімет комиссиясының басшысы етіп тағайындауға уәде берді.

Сәрсенбі күні Нью-Йорктегі Tesla акциялары 15%-ға өсіп, бір жыл ішіндегі өсімді 32%-ға дейін арттырды.