Путин Трампқа қоңырау шала ма? – Ресей президенті АҚШ басшысын жеңісімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Владимир Путин
Путин Трампқа қоңырау шалуға дайын екенін айтты / Фото: shutterstock

АҚШ президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін, бірақ сөйлесуге дайын екенін айтты. Ал Путин Трампқа қоңырау шалуға қарсы емес екенін атап өтті.

«Менің ойымша, біз міндетті түрде сөйлесеміз», – деді Трамп 7 қарашада берген сұхбатында.

Ол сайлаудың алдын-ала қорытындысы шыққаннан әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрі елдің басшысы құттықтап хабарласқанын айтты. Оның ішінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен тілдескенін ерекше атап өтті.

7 қарашада өткен Валдай форумындағы баспасөз мәслихатында Владимир Путин Трампқа қоңырау шалуға қарсы емес екенін айтып, оны жеңісімен құттықтаған.

«Қоңырау шалуға дайынмын. Бұрын Батыс елдерінің басшылары маған әр апта сайын қоңырау шалатын. Белгілі бір кезеңде бәрі хабарласпайтын болды», – деді Путин.

Украина президенті Владимир Зеленский 6 қарашада президент Трамппен сөйлесіп, оны тарихи жеңісімен құттықтаған.

«Өзара байланысты әрі қарай қолдауға және ынтымақтастықты дамытуға келістік. АҚШ-тың мызғымас көшбасшылығы әлем үшін және әділ әлем үшін өте маңызды», – деп қосты Украина президенті.

Ол Трамп жеңісінен кейін Еуропа мен Американың өзара байланысы күшейеді деген үміті барын айтқан. 

Айта кетейік, Дональд Трампты сайлаудағы жеңісімен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз