Жаңалықтар

Жел, жаңбыр және қарлы боран: алдағы демалысқа ауа райы болжамы

9-11 қараша ауа райы
9-11 қараша ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы құбылуы жалғасады. Жел соғып, жаңбыр мен қарлы боран құяды. Бұл туралы «Қазгидрометтің» 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамында жазылған.

Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтиды, бұл тұрақсыз ауа-райын тудырады.

«Қар жауады, батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын болады: жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Елдің басым бөлігінде екпінді жел 15-29 м/с болады», – делінген болжамда.

Синоптиктер 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада еліміздің шығысында қалың қар жауады деп болжаған.

Солтүстікте күн райы -2 шамасында сақталады. Өңірде жел жылдамдығы одан әрі өсе бермек, осыған дейін 15м/с болған жел екпіні 20м/с көтіреліде деп болжануда.

Оңтүстікте күндіз температура +8 және +13°С көтеріледі, таулы аймақтарда +5°С жылы болады.

Батыста күн жылынып, +13 градусқа дейін күн жылиды. Жел жылдамдығы 5-10 м/с дейін барады.

Шығыста қар жауады деп болжанғанымен баған +1 градустан түспейді. Жел екпіні 12 м/с дейін көтерілуі мүмкін.