Шерзат Болаттың өлімінен кейін танымал болған Хасан Қасымбаев кәсіпкер ме? Жалпы бұл отбасына тіркелген бизнес нысаны бар ма? Kursiv.media редакциясы ашы дереккөздердің негізінде зерттеу жүргізіп көрді.
Хасын Қасымбаев тергеу изоляторына жабылған соң, оны жары Зүлфия Қасымбаева күйеуінің жазықсыз екенін айтып, ақпарат құралдарына пікір білдірген еді. Сол сұхбатында ол отбасының кәсіпкерлікпен айналыстынын, бетон өндіретін шағын зауыты мен мал шаруашылығы бар екенін айтқан болатын.
Ашық дереккөздерде Қасымбаевтың өзі немесе анасының атында тіркелген кәсіп немесе мүлік туралы нақты ақпарат жарияланбаған.
Дегенмен, Зүлфия Қасымбаев есімді жеке кәсіпкердің деректері бар. Оның меншігінде Талғар ауданында жер телімі мен бірнеше ғимарат бар.
Kompra жүйесінің ақпаратына сүйенсек, Зүлфия Қасымбаев – «Айсұлтан» деп аталатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысы. Ұйым жеке мүлік басқару және жалға беру қызметімен айналысады.
Жүйеде жария болған құжаттарға сүйенсек, ЖК 2019 жылы 17 қазанда тіркелген. Меншігінде Талғар ауданы Рысқұлов ауылында жер учаскесі мен тұрғын үй, Талғар қаласында тұрғын үй және көпқабатты ғимарат (нақты қанша қабатты екені көрсетілмеген) бар.
Соңғысы, яғни қала орталығында орналасқан көпқабатты ғимаратта бірнеше бизнес ашылған: дүкен, педиатр орталығы, SPA, сән салоны, диагностикалық орталық пен лор-орталық.
Айта кетейік, осыған дейін Зүлфия Қасымбаева күйеуі Хасан Қасымбаевты жазықсыз айыптап, кісі өлтіруші етіп көрсеткен блогерді сотқа беретінін айтқан.
Хасан Қасымбаев «Алмас Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оны ұрлап кетуге қатысы болды» деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынған. Жақындары оның кінәсіз екенін айтып президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады.