Жаңалықтар

Ресей полициясы «дәстүрлі құндылықтардың сақталуын» қадағалайды

Ресей полициясы «дәстүрлі құндылықтардың сақталуын» қадағалайды
Ресей полициясы «дәстүрлі құндылықтардың сақталуын» қадағалайды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Ішкі істер министрлігіне жаңа міндет берілуі мүмкін.  Енді полицейлер «дәстүрлі құндылықтардың нығаюы мен сақталуын» қадағалауы қажет. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинге ұсынылған жобаның жарлығында жазылған.

«Ведомости» басылымының ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясы ІІМ-нің жаңа міндеті туралы жазылған құжат ресейлік нормативтік құқықтық актілер сайтында орналастырылған. Онда жаңа норма «дәстүрлі орыс рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негіздері» контекстінде жүзеге асырылатыны жазылған. Путин бұл құжатты осы шілдеде мақұлдаған.

«Түсіндірме жазбаға сәйкес, «дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған қызметті» жүзеге асыру ІІМ — нің міндеті болуы мүмкін», – деп жазады басылым.

Ресейде «дәстүрлі құндылықтар тізімі» ресми түрде бекітілген. Оның ішінде: Өмір, құндылық, адам құқықтары мен бостандықтары, патриотизм, азаматтық, Отанға қызмет ету және оның болашағы үшін жауап беру, жоғары адамгершілік құндылықтар, берік отбасы, еңбек, рухани құндылықтың материалдық құндылықтан жоғары болуы, гуманизм, қайырымдылық, әділет, коллективизм, өзара құрмет, тарихи жадыны сақтау және ұрпақтар сабақтастығы, Ресей халықтарының бірлігі.

Айта кетейік, Ресейде еңбек мигранттарын қорғау үшін Қырғызстан полициясының өкілдігі ашылады.