Қазақстан халықаралық тұрақтылық индексінде 59-орында

Жарияланды 8 Қараша 2024 09:00

(жаңартылды 8 Қараша 2024 11:03)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Параг Ханна
Қазақстан халықаралық тұрақтылық индексінде 59-орынға тұрақтады / Фото: Qalam.global

Қазақстан PTOS халықаралық тұрақтылық индексінде 196 ел арасында 59-орынға тұрақтады. Бұл туралы Астанада саясаттанушы Параг Ханна Qalam.global кездесуінде хабарлады. 

Елордада белгілі ғалым, саясаттанушы және футуролог Параг Ханнамен «Геосаяси шиеленіс пен климаттық өзгерістер дәуіріндегі жаңа Жібек жолы» тақырыбында қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараны Қазақстан халықаралық қатынастар кеңесі қолдауымен Qalam.global мультимедиялық басылымы ұйымдастырды.

Параг Ханна
Фото: Qalam.global

Дәріс барысында Параг Ханна өзі әзірлеген тұрақтылық рейтингінің нәтижелерін ұсынды. «Мемлекеттердің мерзімді кестесі» (PTOS) – елдің экономикалық, қаржылық және технологиялық әлеуеті, мемлекет басқару жүйесі, әлеуметтік тұрақтылық деңгейі және заң үстемдігінің сақталуы, сондай-ақ, елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерді жан-жақты өлшейтін мета-индекс.

Сарапшы көрсеткіштегі жоғары саты өмір сүру және жұмыс істеу үшін қауіпсіз, қолжетімді және заманауи елге көшуді қалайтын мамандарды Қазақстанға тартуға әсер етеді деп есептейді.

Ханнаның пікірінше, Алматы өзінің климатына, дамыған инфрақұрылымына және стратегиялық-географиялық жағдайына байланысты таяу жылдары әртүрлі елдерден келген «цифрлық көшпенділер» үшін тартымды қалалардың біріне айналуы мүмкін.

Параг Ханна
Фото: Qalam.global

Ғалымның айтуынша, әлемде көші-қон мәселесі өзекті. Алдағы онжылдықта халық көп аймақтардан халық аз аймақтарға көшу басталады. Осылайша қазір халық сирек орналасқан аймақтар жаңа өркениеттік орталықтарға айналуы мүмкін.

Бұл тұрғыда Ханна Орталық Азияның ерекше әлеуетін атап өтеді. Қазақстан мен оның көршілері өздерінің бірегей географиясының арқасында арқасында әлемдік державалар арасында көпір бола алады. Және геосаяси шиеленістерге қарамастан экономиканы дамыта алады.

«Қазақстан осындай ірі өркениет орталықтарының біріне айналу мүмкіндігіне ие. Ел қазірдің өзінде аймақтағы таланттардың магнитіне айналды. Тиісінше, Қазақстан өзін бүкіл әлемнің жас таланттары үшін хаб ретінде көрсете алады, олардың саны қазір 4,5 млрд адамды құрайды», — деді сарапшы кездесу барысында.

Параг Ханна
Фото: Qalam.global

Ғалым әлемдік геосаясаттың, демографияның және көші-қон үлгілерінің болашағы туралы өз көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, қазір үш аймақ — Батыс Азия мен Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастардың динамикасы ерекше қызығушылық тудырады.

«Бұл мүмкіндіктер аймағы. Соңғы жылдары осы елдер арасындағы қарым-қатынас күшейіп келеді. Бұл жаңа Жібек жолы. Қазақстан оның шыңында тұр — өз позициямды осылай қарастыруды ұсынар едім», – деп атап өтті ғалым.

Параг Ханна – әлемге әйгілі ғалым, саясаттанушы, жаһандық өркениеттің болашағына арналған бірнеше әлемдік бестселлерлердің авторы. Жаһандану, урбанизация және технологиялық даму саласындағы зерттеулерімен танымал. 

Ол әлемнің әралуандық теориясының жақтаушысы және жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыратын процестерді белсенді түрде зерттейді. АҚШ Ұлттық барлау қызметінің кеңесшісі. Стратегиялық кеңес беруге маманданған FutureMap компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі.

Сондай-ақ оқыңыз