Kia Sportage кроссоверінің жаңартылған нұсқасын таныстырды

Жарияланды 8 Қараша 2024 15:32

(жаңартылды 8 Қараша 2024 15:34)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Жаңа Kia Sportage 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығарылады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Kia жаңартылған Sportage моделін Оңтүстік Кореяда таныстырды, деп хабарлады автоөндірушінің баспасөз қызметі. Бұл көлік 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады деп жоспарланған.

Кроссовер капоттының астында не бар?

Автокөлік 180 ат күшімен жабдықталған. Сонымен қатар кроссовер 1,6 литрлік қозғалтқыш, бұрынғы жеті жылдамдықтың орнына сегіз сатылы беріліс қорабы және диаметрі 17-19 дюйм болатын жаңа дөңгелектермен қамтылған.

Салоны қандай?

Электроды экран да жаңартылған. Яғни, көлік жаңа буын ccNC операциялық жүйесімен жұмыс істейтін 12,3 дюймдік сенсорлық жүйемен жабдықталған. Сонымен қатар авто дисплейі де өзгерген.

Жаңа модельде спутниктік навигация орнатылған. Бұған қоса көлік жылдамдығын реттейтін круиздік бақылау кроссовердің жүріп келе жатқан жерін анықтай алады.

Ресми атауы Sportage 2026 деп аталатын кроссоверде жаңартылған сымсыз зарядтау жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, саусақ ізінің аутентификациясы бар.

Көлікті iPhone, Apple Watch немесе Android смартфоны арқылы оталдыруға болады.

Көлік бағасы қанша?

Бензин қозғалтқышы бар автомобильдің негізгі нұсқасы бар: Prestige, Noblesse, Signature және Signature X-Line. Олардың құны 20-25 мың доллар аралығында.

2 литрлік газ қозғалтқышы бар Sportage 2026 конфигурациясына байланысты 21-26 мың доллар аралығында тұрады.

Автокөліктің гибридті нұсқасы ең қымбат болып саналады. Мұндай конфигурациялардың бағасы 25 мыңнан 29,8 мың долларға дейінгі аралықта.

Бұған дейін Қытайдың сатылымы бойынша алда тұрған көлік маркасы Қазақстанда сатыла бастайтыны туралы хабарладық. Сонымен қатар сарапшылар әлемдегі ең қымбат әрі мықты электрокөліктер ондығын атады.

Сондай-ақ оқыңыз