Nissan мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, өндірісті қысқартады

Жарияланды 8 Қараша 2024 11:20

(жаңартылды 8 Қараша 2024 11:20)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Nissan мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, өндірісті қысқартады
Nissan жаңа моделі болжамнан да нашар сатылуда / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Nissan дағдарысқа ұшырады. Себебі көліктің жаңа моделі болжамнан да нашар сатылуда. Компания қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығарып жатыр. Тағы бір автогигант Қытайдың қысымы мен менеджменттің қателігінен нарықтағы өз орнын жоғалтуы мүмкін.

Bloomberg мәліметінше, аталған диллер 2025 жылы операциялық пайда бойынша болжамын 500 млрд иеннен 150 млрд-қа дейін төмендетеді. Сондай-ақ өндіріс көлемін 20%-ға қысқарып, әлем бойынша тоғыз мыңға жуық қызметкерін жұмыстан босатты.

Сонымен қатар Nissan компаниясы Mitsubishi Motors Corp-тің 10% үлесін сатуды жоспарлап отыр. Бұл өндіруші 2016 жылы сатып алған 34% үлесінің бір бөлігі.

Бұған қоса өндіруші Tesla, сондай-ақ BYD сияқты жылдам дамып келе жатқан қытайлық өндірушілермен қатаң бәсекелестікке тап болады.

Биыл компания бизнесті қалпына келтіру жоспарын құрды. Өткен тоқсанда Nissan 32 млрд иен тапты, бұл болжамнан екі есе қымбат. Салыстыру үшін 2023 жылы осы кезеңдегі пайда 208 млрд иенді құрады. Жапонияда, Солтүстік Америкада және Қытайда сауданың нашарлығына байланысты жылдық операциялық пайдаға қатысты болжам 600 млрд иеннен 500 млрд иенге дейін қысқарды.

2024 жылы сауда бойынша жоспар қазірдің өзінде 50 мың бірлікке қысқарды. Алайда сұраныстың төмендеуін ескерсек, бұл көрсеткіш те орындалмауы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, брендтің жаңа көліктер желісі сатып алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырмайды.

Бұған дейін Nissan АҚШ-тағы өндірісін 30%-ға қысқартатыны белгілі болды. Әлемдегі ең мықты электрокөліктер тізімінен осы марка табылды. Сонымен қатар электромобильдерге сұраныстың төмендеуіне байланысты Nissan гибридті технологияға басымдық беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз