Қазақстандық банктер биржадан тыс нарықта рубльді 3,5 есе көп сатып ала бастады
2024 жылғы қазанда биржадан тыс нарықта барлығы 71,6 млрд рубль сатып алынған. Бұл өткен айдан 3,6 есе жоғары. Транзакцияның орташа көлемі 361,6 млрд теңгені құрады, деп жазылған Ұлттық банктің айлық есебінде.
Рубль саудасы қыза түсті
Қазақстандық банктер бір айда шетел банктерінен Ресей валютасын 3,8 есе көп сатып алды. Осылайша транзакциялардың жалпы көлемі 67,9 млрд рубльді құрады. Көрсеткіш өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 2 есе жоғары.
Сонымен қатар, елдің қаржы ұйымдары қыркүйекпен салыстырғанда рубльді сатуды 9,3%-ға арттырған. Былтырғымен салыстырғанда транзакциялар көлемі 6 есеге өскенін де байқауға болады.
Қытай валютасымен сауда жанданды
Сонымен қатар бейрезидент банктермен жүргізілген юань сату бойынша операциялар саны артты. Қазанда көрсеткіш 32,9 млн юаньді (2,3 млрд теңге) құрады. Ал жалпы қаңтар-қыркүйек аралығында мұндай транзакциялар бар болғаны 6,3 млрд юань болса, 2023 жылы 4,2 млрд Қытай валютасына тең еді.
Қазан айында юань сатып алу бойынша операциялар көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 11,6 есеге азайып, 10,5 млн юаньға жетті. Алайда қазанда Қытай валютасының сатылымы 3,5 есе артып, 43,1 млн юаньді құрады. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,4 есе жоғары.
Доллармен сауда артты
Қазанда долларды сатып алу бойынша операциялардың көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 17,2%-ға артты. Ал бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,5 млрд долларға дейін өсті. Бұл ретте қазақстандық банктер АҚШ валютасын 16,5% көп сатты. Жылдық көрсеткіш 3,2%-ға артты. 2024 жылдың қазан айында долларды сатып алу мен сатудың ең көп үлесі шетелдік банктермен операцияларға тиесілі болды.
Еуроға қатысты жағдай қалай өзгерді
Банктер 2 есе көп еуро сатты. Қазанда көрсеткіш бірден 14,8 млн еуроға жетті. Айлық есепте көрсеткіш өскенімен, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3 есе төмендеген. Сонымен қатар, сатып алу бойынша да транзакциялар саны азайды. Айлық көрсеткіш 11,7%, жылдық 4,7 есе құлдырады.
Биржадан тыс сауда – банктер арасындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде шетел валютасын сатып алу және сату жүзеге асырылатын валюта нарығы.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы қыркүйекте Ресей рубліне деген сұраныс төмендеп, доллар мен еуроға өскен еді.