S&P Global Freedom Insurance рейтингін «тұрақты» деген болжаммен «BB-» деңгейіне көтерді
S&P Global Ratings «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының ұзақ мерзімді несиелік және қаржылық рейтингін «В+» деңгейінен «BB-» деңгейіне көтерді.
«Болжам «тұрақты», – деп хабарлады S&P Global Ratings.
Сонымен қатар Қазақстанның ұлттық шкаласы бойынша рейтингі «kzBBB+»-дан «kzA-» деңгейіне көтерілді.
Агенттікттің хабарлауынша, рейтингті жақсартуға Freedom Insurance былтырғы және биылғы операциялық көрсеткіштері ықпал еткен. Сонымен қатар S&P Global Ratings сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайы әлі де жақсарды деп болжап отыр.
Сарапшылар 2023 жылы меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 38%, ал біріктірілген коэффициенті 85% болғанын атап өтті. Бұл жалпы қазақстандық сақтандыру секторы бойынша орташа көрсеткіштен жоғары – сәйкесінше 12,8% және 89%-ға тең. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жиынтық коэффициент 76%, ROE 48,3%-ды құрады.
S&P мәліметінше, компания қызметі ауқымының ұлғаюына байланысты көрсеткіштер өсуде. Сонымен қатар агенттік компанияның қызметін жақсарту, тәуекелдерді азайту және бақылауды күшейту бойынша шараларын атап өтті.
«Freedom Insurance табыстылық көрсеткіші мен жоғары капитал коэффициентін болашақта да сақтайды» – деп есептейді мамандар.
2024 жылғы үшінші тоқсанда көрсеткіш 47 млн доллардан 66 млн долларға дейін өсті.
Есепке сүйенсек, 2025-2026 жылдары компанияның табыстылығы отандық серіктес компаниялардың көрсеткіштеріне және қазақстандық жалпы сақтандыру нарығының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Сонымен қатар, олар 2026 жылға дейін шығынға ұшырау коэффициенті 90% деңгейінде сақталады (орташа нарықтық көрсеткі 90-93%), ROE 30-35%, кіріс маржасы 20% жоғары болады деп болжайды. Сарапшылар дивиденд төленбейді деп есептейді, өйткені компания нарықтағы мүмкіндіктерін барынша арттыруға тырысады.
Егер Freedom Insurance капиталдандыру коэффициентін 99,95%-дан жақсара түссе, операциялық көрсеткіші қазіргі деңгейден өссе, бизнес-жоспарларды сәтте жүзеге асырса және капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне ие болса – алдағы жылы S&P компания рейтингін тағы көтеруі мүмкін.
Еске сала кетсек, елдегі сақтандыру компаниялары жасанды интеллектіні қарқынды енгізе бастады. Енді фотосуреттен көлікке қаншалықты зақым келгенін анықтауға болады.