Қазақстанның тұрғын үй нарығы: қазанда жаңа пәтер бағасы өсіп, қайталама нарық тұралап қалды
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2024 жылдың қазан айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығында аралас динамика тіркелді.
Қазанда жөндеу жасалған тұрғын үйлерді сату бойынша мәмілелер саны 0,4%-ға төмендеді (+3,9% жылдық). Осылайша орташа баға 1 шаршы метрге 509,4 мың теңгені құрады (қыркүйекте 511,1 мың теңге).
Жаңа тұрғын үйлерді сатып алу бойынша мәмілелер саны 0,6% (+2,3% жылдық) өсті. Орташа баға 1 шаршы метрге 497,3 мың теңгені (қыркүйекте 494,2 мың теңге) құрады.
Ал тұрғын үйді жалға беру бағасы бір айда 0,6% қымбаттады (+6,7% жылдық). Орташа көрсеткіш 1 шаршы метрге 4,5 мың теңгені (қыркүйекте 4,5 мың теңге) құрады.
Жеті өңірде айтарлықтай өсім байқалды
Ең үлкен өсім Таразда тіркелді. Аталған қалада жаңа пәтерлердің бағасы бір айда 4,6%-ға өсті.
Сондай-ақ қазан айында жаңа ғимараттардың бағасы:
— Павлодарда (+1,3%);
— Алматы (+1,0%);
— Көкшетау (+0,7%);
— Қостанай (+0,6%);
— Астана (+0,5%);
— Шымкентте (+0,3%) өсті.
Қазан айында Қазақстанның бірде-бір қаласында жаңа үйлердің бағасы төмендеген жоқ.
Тұрғын үй бағасына тоқталсақ
2024 жылғы қазанда жаңа тұрғын үй шаршы метрінің орташа құны 497 316 теңгені құрады.
Ең қымбат пәтерлер мына қалаларда тіркелді:
— Астана — 595 466 теңге;
— Алматы — 579 837 теңге;
— Шымкент — 436 471 теңге.
Ең арзан жаңа үйлер:
— Ақтөбеде — 281,5 мың теңге/ш.м;
— Орал — 287,8 мың теңге/ш.м;
— Көкшетауда — 310 мың теңге/ш.м.
Бір жыл ішінде бағалар қалай құбылды?
2023 жылдың қазан айынан бері жылжымайтын мүлік бағасы орта есеппен 2,3%-ға өсті.
2023 жылдың қазанынан бері ең жоғары өсім:
— Тараз (+8,6%);
— Ақтөбе (+7,9%);
— Талдықорғанда (+7,2%) тіркелді.
Еске сала кетсек, «Комментарий» телеграм арнасының сарапшысы Әлішер Кәрімов 2025 жылы Қазақстанда құрылыс қарқыны төмендеуі мүмкін деген еді. Оның айтуынша, жалпы қыркүйек айында елдің тұрғын үй нарығында сатып алу мәмілелерінің саны 3,2%-ға төмендеген.
Қазақстандағы жылжымайтын мүлік қорының басым бөлігі ескіргенін хабарладық.