“Астана” футбол клубы Конференция лигасында қатарынан екінші рет жеңілді

Жарияланды 8 Қараша 2024 08:36

(жаңартылды 8 Қараша 2024 08:36)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Астана фк / фото: UEFA.com

8 қарашаға қараған түні «Астана» футбол клубы Конференция лигасының үшінші турындағы ойынында Кипрде «Пафос» командасымен кездесіп, матч соңында жеңіліске ұшырады. Ойын «Альфамега» стадионында өтті.

Кездесу алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың 87-минутында «Пафос» сапындағы бразилиялық шабуылшы Андерсон Силва «Астананың» қақпасына гол салды.

Бұл ойын «Астана» үшін Конференция лигасындағы қатарынан екінші жеңіліс болды. Бұған дейін, астаналық клуб Уэльстің «Нью-Сейнтс» командасына ұтылды. Қазір команда үш ұпаймен турнирлік кестенің төменгі жартысында орналасқан.

Еске сала кетейік, «Астана» Конференция лигасындағы соңғы ойының 12 желтоқсан күні Алматының орталық стадионында әйгілі ағылшындық «Челси» командасына қарсы өткізеді. Бұл ойынға билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ.

Сонымен қатар, соңғы уақытта Астана фк көп сынға қалып жүр. Бұған дейін, Астанада балалар академиясы мен инфрақұрылым жоқ деп Антикор сынға алған еді. Ал, 7-қараша күні Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы футбол жүйесін мен Астана – Атырау арасында болған ойындағы төрешілік мәселесін көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз